Павлодарда қиын жағдайға тап болған отбасыларға АӘК алуға көмек көрсетілді
Бұл көмекті 80-ге жуық отбасы алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау мақсатында рейдтерді жалғастыруда.
Отбасыларды аралау кезінде тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, әңгіме барысында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй көмегі, біржолғы әлеуметтік төлемдерді алу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
– Бүгінгі күні 80 отбасына барып, 75 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек алуға көмек көрсетілді. Екі отбасына қатысты материалдар кәмелетке толмағандардың қарауына комиссияға жолданды, төрт отбасына қатты отын сатып алуға төлемақы берілді, – дейді бөлімде.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау жұмыстары жалғасуда.
Мұндай отбасылар туралы ақпарат болса, 109, 8 (7182) 32-00-96 телефондарына хабарласыңыз немесе @otdel_soczashita_pvl direct-ке жазуға болады.