Павлодарда қиын жағдайға ұшыраған жандарға тегін психологиялық кеңес беріледі
Орталық үзіліссіз, демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– «Kenes time» құқықтық ақпараттық орталығы қиын өмірлік жағдайға ұшыраған барлық азаматтарға тәулік бойы заңгерлік және психологиялық тегін кеңес береді, – дейді Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінде.
Тегін әлеуметтік консультацияны алу үшін +7 705 768 1850 нөміріне қоңырау шалу керек немесе +7 705 768 1850 what ' s app мессенджеріне, «Kenes_time» Instagram аккаунтына жазуға болады.
Орталықтың тікелей міндеті – азаматтарға уақтылы, психологиялық және заңгерлік консультациялық көмек көрсету, жеке тұлғаның құпиялылығын қамтамасыз ету.