Павлодарда қызметкер үш жылдай сыйақы алмаған

Павлодарда қызметкер үш жылдай сыйақы алмаған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш жылда бұл сома 7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмысшының акционерлік қоғамнан біржолғы көтермелеу және төлемдерді мерзімінде төлемегені үшін өсімпұл өндіру туралы талап қою бойынша істі қарады.

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тараптар еңбек қатынастарында болған. Талапкер заң кеңесшісі болып жұмысқа қабылданып, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап айына 300 мың теңге жалақымен бас директордың орынбасары болды. Кейін қосымша келісім бойынша оның жалақысы 800 мың теңгеге дейін көтерілді.

Сондай-ақ, келісім бойынша бас директордың орынбасарына Қазақстан Республикасында тойланатын ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, сондай-ақ кәсіби мереке – кабель саласы қызметкерлерінің күніне орай сыйақы төленетіні көрсетілген. Бұл ынталандыру мөлшері лауазымдық жалақының 50 пайызын құрайды.

Жеке құрамның бұйрығымен 2023 жылдың шілде айында тараптардың келісімі бойынша еңбек шарты бұзылды.

Талапкер сотқа жауапкерге қатысты талап арызбен жүгінді. Жұмыс беруші 2020 жылдың 11 қарашасынан 2023 жылдың 27 шілдесіне дейінгі аралықта мемлекеттік және мемлекеттік мерекелерге 7 миллион 475 мың теңге біржолғы көтермелеу төлемін жүргізбеген. Сондай-ақ талапкер аталған соманы уақтылы төлемегені үшін жауапкерден 750 мың 380 теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алу керектігін көрсетті, – дейді баспасөз орталығында.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды: жауапкерден талапкердің пайдасына 1 миллион 960 мың 952 теңге біржолғы көтермелеу сомасы және 196 мың 850 теңге тұрақсыздық айыбы өндірілді. Бұл шешімге екі тарап та шағым түсірді. Талапкер талап арызды толық көлемде қанағаттандыруды, ал жауапкер біржолғы көтермелеу мен өсімпұл өндіру туралы шешімнің күшін жоюды сұрады.

Сот алқасы материалдық және процессуалдық заңнаманы қолдануда елеулі бұзушылықтарға жол бермеген, сондықтан шағым жасалған шешім өзгеріссіз, тараптардың апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.