Ақсу қазандығында сынақ жұмыстары басталды
Жұмыстар сәтті аяқталған жағдайда қазандықты пайдалануға тапсыру мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, сынақтар 2023 жылдың 15 сәуірінде басталды.
- «Құрылыс Проект Сервис» ЖШС техникалық сүйемелдеуі мен «KBI Energy» бас мердігерінің күшімен қазандық құрал-жабдықтарын ретке келтіру, сыртқы және ішкі инженерлік желілер, жылыту жүйелері, желдету және басқа да жабдықтарды сынау жұмыстары басталды. Жұмыстар сәтті аяқталған жағдайда қазандықты пайдалануға тапсыру мәселесі қарастырылады, - деп хабарлайды әкімдікте.
Осыған қарамастан, кейбір қоғамдық қайраткерлер қазандық толық дайын еместігін алға тартады. Мәселен, энергетика ардагері Амангелді Аманғалиев қож уатқыштарды орнату қажеттілігін айтуда. Алайда оларды орнату қарастырылып жатқан жоқ.
- Уатқыштарды орнату – жобалық шешім емес, - деді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Хасар Хабылбеков. – Бұл мәселені қарастырса, онда жобаны түгелдей қайта қарауға тура келеді, оны мемлекеттік сараптамаға жіберу керек болады. Біз қазандықтың іске қосылғанына қарсы емеспіз, барлығы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болғанын қалаймыз. Сол себепті сынақтарды уатқыштарсыз бастауға шешім қабылданды.
Естеріңізде болса, ERG тобына тиесілі ескі қазандықтың орнына Ақсуда жаңасын салу туралы шешім 2015 жылы қабылданды. Құрылысы 2017 жылы басталды. 2023 жылдың басында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған нысанның тиімділігін зерттеу туралы тапсырма берді.
Фото: Валерий Бугаев