Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Өкінішке қарай, биіктен құлаған баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған. 

- Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті, - делінген хабарламада. 

Ақ желеңділер баланың мерт болғанын анықтады.