Павлодарда қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейтіндердің саны артқан

Павлодарда қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейтіндердің саны артқан
Фото: Константин Шелков

Мұндай жағдай көбінесе кондукторсыз жұмыс істейтін автобустар мен трамвайларда  кездеседі,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Смарт Автобус ПВ» ЖШС мәліметінше, олар тек бақылаушыларды көрген кезде  ғана жол ақысын төлеуге тырысады.  Осыған байланысты қоғамдық көліктерде жол ақысын төлемейтіндерге қарсы батырма пайда болды.  Қазіргі уақытта компания қоғамдық көліктердегі бақылаушы-тексерушілердің санын едәуір арттыруда.

– Бақылаушы автобус немесе трамвай салонында жол ақысын төлеуді бақылауды бастамас бұрын мобильді және стационарлық валидаторларды, автобус пен трамвайдың QR кодтарын қысқа мерзімге бұғаттайды. Бақылаушы салонда жүрген кезде тегін өтуге тырысқан тұрғындар жол ақысын төлей алмайды, –  деп жазылған хабарламада. 

Бірінші кезекте «бұғаттау» әдісін полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер аясында өткізу жоспарлануда. Ал болашақта бақылаушы тегін  өткісі келгендерді  анықтаған кезде «102» қызметі арқылы полицияға қоңырау шалады.

Бақылаушы оларды анықтаған кезде тәртіп сақшыларын шақыратын болады. Заң бұзушы жолаушыға ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабы 2-тармағына сәйкес жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл 2 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазаланады. Бұл сома 6 900 теңгені құрайды.