Павлодарда кәмелетке толмаған үш баланы көлік қақты
Олар ауыр жарақат алған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен демалыс күндері медициналық бригада жол апатынан зардап шеккен сегіз баланы ауруханаға жеткізді.
– 9 қарашада үш баланың қатысуымен алғашқы жол-көлік оқиғасы болды. Жедел жәрдем шақырған адам «Достық үйі» жанында кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді көлік қақты деп айтты. 15 жастағы екі қыз бен 16 жастағы жігіт түрлі жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының травмпунктіне жеткізілді,– деді станцияның баспасөз қызметінде.
Ал 10 қарашада Қалқаман кентінің ауданында автобанда болған екінші жағдайда, 103 қызметінің шақырылуына жеңіл көліктің жол айрығына кіруі себеп болды. Апат салдарынан бірден бес бала зардап шекті. 6, 11 және 13 жастағы ұлдар, сондай-ақ, 8 және 11 жастағы қыздар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
– Сенбі және жексенбі күндері біздің медициналық бригадалар 6 жол-көлік оқиғасына барды, – деп атап өтті облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ирина Мищенко. – Барлық жағдайда орынға жету уақыты, тіпті қала маңындағы трассаларда 1-ден 10 минутқа дейін болды.
Әрбір реанимобиль ең ауыр апаттарда да көмек көрсету үшін қамтамасыз етілген. Жедел жәрдем қызметінің мамандары жол қозғалысына қатысушылардан сергек болуды және жылдамдық режимін сақтауды сұрайды.