Павлодарда ұлттық өнер шеруі өтеді

Павлодарда ұлттық өнер шеруі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Шара барысында ортеке ұлттық аспабы өндірісінің тұсаукесері болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында «Сән мен саз» атты ұлттық өнер шеруі өтеді. 

Шараға «Qazoner» этно-декор өндіріс орталығы мен «Hanym» ательесі қатысады. Сонымен қатар, осы кештің басты ерекшелігі аймақтағы алғашқы ортеке ұлттық аспабы өндірісінің тұсаукесері өтіп, ұлттық киім үлгілерінің сән шеруі ұсынылады, - дейді ұйымдастырушылар.

Өнер шеруі 17 наруыз күні сағат 11:00-де «Шаңырақ» орталығында өтеді.