Павлодар облысында аязға байланысты екінші ауысымда сабақтар онлайн өтеді

Павлодар облысында аязға байланысты екінші ауысымда сабақтар онлайн өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы -25 ℃ көрсетуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 15 ақпанда Павлодар қаласының мектептерінде екінші ауысымдағы мектепалды, 1-4-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. 

Ауа температурасы -25 градусты көрсетуде, желдің жылдамдығы секундына 4-7 метрді құрайды. 

Сондай-ақ Ақсуда және Екібастұзда екінші ауысымдағы 0-4-сыныптардың оқушылары үшін сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады.