Павлодарда әскери қызметкерлер вальс биледі

Павлодарда әскери қызметкерлер вальс биледі
Фото: Константин Шелков

Өңірде әскери бал дәстүрін жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әскери қызметшілер мен ұлттық гвардияшылар Отан қорғаушылар күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында вальс биледі.

– Біз әскери бал дәстүрін жандандырып, әскерде қызмет етіп қана қоймай, бәрін үйренуге болатындығын көрсеткіміз келді, – деді «Сарбаздардың аналар комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Лилия Хайруллина. – Хореографтармен бірнеше күн жаттығып, 32 жұп синхронды биледі. 

Акцияға қатысқан әскери қызметшілер Семей, Өскемен, Алматы қалаларынан арнайы келген. 

Лилия Хайруллинаның айтуынша, сарбаз аналар комитеті мен ҚР Қорғаныс министрлігі  жергілікті билік органдарының қолдауымен Павлодарда республикалық әскери форум өткізуді жоспарлап отыр.