Павлодар көшесі ҰҚК ардагерінің есімімен аталды
Генерал-майор Укмет Смағұлов 1972 жылдан 1988 жылға дейін облыстық мемлекеттік қауіпсіздік басқармасын басқарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараға мемлекеттік қауіпсіздік органдарының ардагерлері, ҚР ҰҚК облыстық департаментінің басшылығы, сондай-ақ Укмет Смағұловтың жақын туыстары қатысты.
Генерал Смағұлов көшесін ашудың құрметті құқығын Департамент бастығының бірінші орынбасары Ұлттық қауіпсіздік полковнигі Нұрлыбек Қайыров пен ардагердің әпкесі Рахила Смағұловаға берілді.
- Укмет Смағұлов өте әдепті және сыпайы адам болған. Ол әрқашан жастарды қолдаған. Мен мұндай адамды білгенімді және онымен бірге жұмыс істегенімді мақтан тұтамын, – дейді подполковник Валерий Трофим салтанатты рәсімде.
Сондай-ақ, КСРО мемлекеттік қауіпсіздігінің құрметті қызметкері, генерал-майор Укмет Смағұлов 16 жыл бойы Павлодар облысы бойынша КГБ басқармасын басқарды. Мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне берілген 45 жыл ішінде арнайы қызмет ортасында үлкен бедел мен құрметке ие болды.