Екібастұздық сауда үйінде терракт актісі расталмады

Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сауда үйінің мамандары тексеру жүргізді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Полиция осы фактіге қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Айта кету керек, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін – Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабына сәйкес 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза көзделген.