Екібастұзда подъездің сыртына шығарылған жиһаз отқа оранды

Екібастұзда подъездің сыртына шығарылған жиһаз отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 шілдеде сағат 00:14-те М.Жүсіп көшесі, 58/1 мекенжайында қоқыс жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Шақыртуға келген өрт сөндірушілер подъездің жанында 10 шаршы аумағында жиһаздың өртенгенін хабарлады. 

Себебі мен келтірілген шығын сомасы анықталып жатыр.