18 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді

18 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын күтілмейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -4...-9 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашын болмайды. Өңірдің батысында, шығысында және орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -2...+3 градус аралығында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -6...-8 градус болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын жаумайды. Тұман түсуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді.