Павлодарда өкпе обырының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтеді
Келушілер рентгенография және өкпенің төмен дозалы КТ тексерулерінен тегін өту мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғындарын 23 қараша күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін облыстық онкологиялық диспансерінде күтеді.
– Көрсетілімдер кезінде пациенттерге рентгенография, өкпенің төмен дозалы КТ жүргізіледі. Сіздерді денсаулығыңызға уақыт бөліп, онкологиялық диспансер мамандарының кеңесін тегін және алдын ала жазылусыз алуға шақырамыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет, – делінген хабарламада.
Онкологиялық диспансердің мекенжайы: Российская көшесі, 57/3-құрылыс, А корпусы.
Байланыс телефондары: 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98.