Павлодарда туған күн иесі ән салғаны үшін жазаланды

Павлодарда туған күн иесі ән салғаны үшін  жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көршілері түнде ұйықтай алмай, полицияға шағымдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшыларына Малайсары көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғынынан қоңырау келіп түсті. 

– Әйел қабырғаның ар жағындағы пәтерде музыка қатты ойнап, караокеде біреулер ән айтып маза бермейді деп шағымданды. Полиция мекенжайға келгенде қатты музыка мен микрофон сүйемелдеуімен көңілді мереке болып жатқанын көрді. Пәтер иесі қонақтармен бірге туған күнін тойлап жатқанын түсіндірді, – деді департаментте.

Осыған ұқсас қоңырау Ломов көшесіндегі үйдің тұрғындарынан келді. Олар да шулы көршілеріне шағымданған. 

– Көпбалалы отбасы үнемі тыныштықты бұзады. Олар алкогольдік ішімдіктерді жиі ішеді, түнде қатты жанжалдасады. Балаларымыздың үнемі шудың әсерінен және ұйқының бұзылуы салдарынан мектептегі үлгерімі нашарлады. Тыныштықты бұзушылардың өздері түнде шу шығармау туралы өтініштерімізді тыңдамайды, – деді қоңырау шалған әйел. 

Статистикаға сәйкес, өңірде жыл басынан бері түнгі уақытта шу шығаруды ұнататын 5827 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Полиция департаменті көршілеріңізде шулы жиындар үнемі түнге дейін созылса, онда «102» нөміріне қоңырау шалып, учаскелік инспекторды шақыруға құқығыңыз бар екенін еске салады.