«Әкем ауырып тұр!» Павлодарда полицейлер ер адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

«Әкем ауырып тұр!» Павлодарда полицейлер ер адамды шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

Ер адамның өте нашар жағдайда екенін полицейлерге баласы айтқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 10 ақпанда сағат 12:20 шамасында Естай көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында бір жігіт полицейлердің көлігіне қарай жүгірген. Ол қатты қорқып, терезені қағып, «көмектесіңіздер әкем ауырып тұр» деп айқайлаған. 

- Мен жүгіріп шығып, көлікке қарай жүгірдім, ол жерде ер адамның ауырып жатқанын көрдім. Жедел кезекшіге дереу ақпарат беріп, арнайы сигналдарды қосып,  ауруханаға бет алдық. Кейін рация бойынша кезекші бөлімдегі әріптестерімнен №1 қалалық ауруханаға қоңырау шалуды сұрадым, өйткені ер адам өте нашар жағдайда болды. Ауруханаға келген соң, ер адам жансақтау бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды, - деді Павлодар қаласының ПБ учаскелік полиция инспекторы Жәнібек Шәкіров.

45 жастағы Талғат ұлымен және туысымен бірге көлікке мінген кезде эпилепсия ұстамасы болған. Ұлы әкесінің ауырып тұрғанын көріп, жолға шығып, бірден алдында тұрған полиция көлігіне жүгіріп барған. 

Полиция қызметкерлерінің көмегімен ер адам ауруханаға уақытында жеткізілді. Қазіргі уақытта ер адам жансақтау бөлімінде. 

Фото: Константин Шелков