Павлодарда өнер мектебінің оқушылары көрме ұйымдастырады

Павлодарда өнер мектебінің оқушылары көрме ұйымдастырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрме Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 мамыр күні сағат 16:00-де «Айна» галереясында қалалық Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары мен педагогтары жұмыстарының «Неформат» атты көрмесі ашылады. 

– Экспозицияда педагог-суретшілер Шамиль Шушаевтың, Анна Аткинаның және олардың шәкірттерінің кенепте акрилмен, кенепте акварельмен және батик техникасындағы 30-дан астам жұмыстары ұсынылады, – дейді баспасөз орталығында.

Көрмені шілде айының соңына дейін тамашалауға болады.