Павлодарда ата-аналарға арналған кітап жарық көрді
Авторы – Светлана Захарова-Грибельная, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Я пишу для детей» атты шығармашылық кеш өтті. «Загадки про цветочки для сына и для дочки», «После дождя будет яркая радуга» атты жаңа кітаптар жас оқырмандар мен олардың ата-аналарына арналған.
Светлана Захарова-Грибельная – монографиялар, ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, өлеңдері жыр жинақтарында, «Найзатас» әдеби журналында жарияланған.
Қаламгер оқырмандардың өлеңдер мен ертегілердің қалай жазатыны туралы сұрақтарына жауап беріп, хокку өлеңдерінің қалай жасалатынын айтты, ертегілерден үзінділер оқыды. №23 орта мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары гүлдер туралы жұмбақтарды тауып, әдеби ойындарға қатысты.
Кештің қонақтары Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, балаларға арналған кітаптардың авторы Людмила Бевз және журналист Марина Кисенко С.А.Захарова-Грибельнаяның шығармашылығы мен әйгілі шығармалары туралы әңгімеледі.
«Книжная радуга» көрмесінде автордың кітапханаға сыйға тартылған кітаптары қойылды.