Павлодардағы бірнеше үй бір аптаға ыстық сусыз қалады

Павлодардағы бірнеше үй бір аптаға ыстық сусыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ТМ-5 және ТК-307/9 учаскелерінде жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бірқатар тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.

ТМ-5 учаскесі бойынша шектеу 17-20 маусым аралығында енгізіледі.

Ыстық су келесі мекенжайларда болмайды: 

  • Абай көшесі, 373; 
  • Бектұров көшесі, 350; 
  • Гагарин көшесі, 18, 20, 22, 24, 26, 30, 32, 34; 
  • Гоголь көшесі, 239; 
  • Ломов көшесі, 32, 34, 36, 39, 41, 43, 44, 46, 48, 50, 50/1, 52, 54, 58, 58/1, 60, 62, 135; 
  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 284, 284/1, 286, 288, 312, 381, 383, 383/1, 385, 385/1; 
  • Марғұлан көшесі, 343/1, 345/1, 356А; 
  • Нұркин көшесі, 70/1; 
  • Павел Васильев көшесі, 9; 
  • Сәтбаев көшесі, 273, 336; 
  • Шөкин көшесі, 29/1, 31, 87, 87/1, 87/2.

ТК-307/9 учаскесіндегі жұмыстар 17-25 маусым аралығында жалғасады.

Бұл кезеңде Павлов көшесі, 44 және Назарбаев даңғылы, 35 мекенжайларында ыстық су уақытша өшіріледі.

Тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарды ескеріп, қажетті су қорын алдын ала дайындап қою ұсынылды.