Павлодарлық оқушылар бөгеттерден өтіп жарысты
Қала оқушыларының әскери-спорттық жарыстары өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кенжекөл ЖОМ-де дәстүрлі түрде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған қала мектептері арасында әскери-спорттық жарыс ұйымдастырылды.
– Спорттық жарыстың мақсаты – алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні дағдыларын және білімін арттыру, – деді қалалық білім бөлімінде. – Павлодар облыстық Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлерінің одағы қоғамдық бірлестігінің қатысуымен жарысқа қалалық 30 мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.
Ереже бойынша ұлдар бөгеттерден өту, ал қыздар денені жатып көтеруден сайысты. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, екінші орынды №18 ЖОМ командасы, үшінші орынды №27 ЖОМ командасы жеңіп алды.
Жеңімпаздар Павлодар қаласы білім бөлімінің мақтау қағаздары, медальдары және кубогімен марапатталды.