Павлодардың орталық жағалауында тұрғындар өз мәселелерімен бөлісті

Павлодардың орталық жағалауында тұрғындар өз мәселелерімен бөлісті
Фото: Валерий Бугаев

Мемлекеттік органдардың басшыларына жүзден астам адам жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін орталық жағалауда тұрғындарды өзекті мәселелері бойынша қабылдау өтті.

Әрбір тұрғын өзінің мәселесін айтып, сұрағын қойып, ұсыныстарын білдірді. Қабылдауға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, ТҮКШ, спорт, Полиция, Әділет департаменттері қатысты, – дейді баспасөз орталығында.

Өтініштердің көпшілігі аумақтарды абаттандыру, үйлерін жылу беру маусымына дайындау, пәтер иелерінің кооперативіне шағымдар сияқты маусымдық сипатта болды. 

Сондай-ақ, өтініштердің негізгі бөлігі жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмысқа орналастыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, 1-сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орналастыру болды.

Барлық сұрақтар бойынша тұрғындарға түсініктемелер берілді. 

Естеріңізге сала кетейік, облыс тұрғындары қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz немесе әкімдіктің +7(702)166-16-61 WhatsApp желісі арқылы жазыла алады.