Павлодардың солтүстігінде өрт қаупі бар
Күндіз жел соғады, жауын-шашынсыз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромедтің» хабарлауынша, республикамыздың басым бөлігінде ауа райы құрғақ. Солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде найзағай соғып, бұршақ жауып, қысқа мерзімді жаңбыр болуы ықтимал.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде көшпелі бұлт күтіледі, жауын-шашынсыз, ал солтүстікте өрт қаупі бар.
Өңіріміздегі ауа райы: түнде +10...+15°C, күндіз +27...+32, облыстың солтүстігінде +22°C жетуі болжамдалады. Желдің жылдамдығы: 9-14 м/с.