Павлодарда аз қамтылған отбасылардың үйлерінің терезелеріне 200 блокиратор орнатылды
Балалардың қауіпсіздігі бойынша түсіндіру және ақпараттық жұмыстар бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Kemel Trade» ҚБ, «Крепость-Kz» ЖШС, «Plastotkos» ЖК компаниялары аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға 200 блокиратор орнатуға демеушілік көмек көрсетті.
– Өкінішке орай, соңғы бірнеше жылда балалар көпқабатты үйлердің терезелерінен құлаған ондаған жағдай орын алды. Қайтыс болғандар бар. Бұл үлкен трагедия. Сондықтан әсіресе, жазғы кезеңде қауіпсіздік шараларын елемеуге болмайды. Құлау жағдайлары көбінесе үлкендер балаларды қараусыз қалдырып, терезелерді жабуды ұмытып кеткенде болады, – деді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Бөлім басшысы терезелерге блокираторлар мен торларды орнатуға, жиһазды дұрыс орналастыруға кеңес берді. Бұл балаларға терезеге өздігінен көтерілуге мүмкіндік бермейді.
Сондай-ақ ол блокираторлар орнатуға мүмкіндігі жоқ отбасылар туралы байланыс деректерін әлеуметтік желідегі парақшасында комментарий ретінде қалдыруды сұрады.
Айта кетейік, қалалық білім беру бөлімі прокуратурамен, қала әкімдігімен, қоғам белсенділерімен, мектепке дейінгі ұйымдармен және қамқор кәсіпкерлермен бірлесіп, көптеген жылдар бойы «Қауіпсіз терезе» науқанын өткізеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram