Павлодардың бірнеше тұрғын үйінде жарық болмайды

Павлодардың бірнеше тұрғын үйінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі тоқтатылады:

  • Қамзин көшесі, 168, 171 – «Караван» базары, 174, 176, 178;
  • Ломов көшесі, 171;
  • Гагарин көшесі, 68, 70, 70/1 – «Алма» дүкені.