Павлодардың солтүстік бөлігінде бір апта ыстық су болмайды

Павлодардың солтүстік бөлігінде бір апта ыстық су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарынан кейін құбырлар тексерілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар жылу желілері» баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-11 тамыз аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО, 3-ЖЭО-дан қуат алатын жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізіледі.

Осыған байланысты Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қабдеш Нұркин – Академик Марғұлан – Астана – Набережная – Олжабай батыр – Торайғыров – Сағадат Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы, Химгородок, Лесозавод, Северная промзона шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды.

Сынақтар жөндеуден кейін құбырлар мен жылу желілерінің жабдықтарындағы ақауларды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сынақтар аяқталғаннан кейін анықталған зақымдарды ескере отырып, бір ай ішінде тұрғын үйлерге ыстық суды кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізіледі. Ешқандай бұзылулар анықталмаған жылу желілерінен қуат алатын тұрғын үйлерде ыстық сумен жабдықтау қалпына келтіріледі. Ал ақаулар анықталған жағдайда, ыстық су жөндеуден кейін беріледі, – делінген хабарламада.

Ұйым қала тұрғындарынан жылу желілері өтетін жерлерде абай болуды сұрайды.

Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтар бойынша +7(7182)57-07-51, +7(7182)62-34-55 және +7(7182)62-28-91 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, ұқсас жұмыстар Павлодардың оңтүстік бөлігінде 4 тамызға дейін жүргізілуде. Осыған байланысты 29 ноября – Естай – Абай – Кривенко – Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің қиылысындағы, Екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Дачный, Достық, Сарыарқа, Зеленстрой шағын аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық су болмайды. Қала басшысы коммуналдық қызметтерді жұмыстарды қысқа мерзімде, сапалы түрде жүргізуге міндеттеді.