Павлодарда «Спорт Сити» шағын аудан тұрғындарының өтініштері орындалды

Бір автобустың қозғалыс бағытында өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, «Спорт Сити» шағын ауданы жолаушыларының көптеген өтініштеріне байланысты, сондай-ақ қолданыстағы жол инфрақұрылымы мен балалар спорт нысандарының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, 25 маусымынан бастап № 52 автобус маршрутының қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі.
Маршрут сызбасы Баян батыр көшесінен және соңғы аялдама Автокомплекстен Спорт Сити шағын ауданы («Бірлік» КММ) кіру арқылы Торговая көшесіне және Космонавттар көшесіне өзгертіледі.