Павлодардың жеке секторында қар тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде

Павлодардың жеке секторында қар тазалау және шығару жұмыстары жүргізілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шағын сектордан кейін қаланың барлық жеке секторы қамтылады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, арнайы техника – 25 КамАЗ және бес жүк тиеу техникасы таңғы сағат 7-ден жұмыс істеуде.

Сондай-ақ бес жұмыс тобы жұмылдырылған: оның екеуі Екінші Павлодар шағын ауданындағы қарды тазалау және шығарумен айналысуда, тағы үш топ Зеленстрой шағын ауданында жұмыс жасауда.

Деров, Сүлейменов, Архангельская, Нұржанов көшелерінде жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер Әлсейітов, Сұлтанов көшелерін тазалауда. Содан кейін қаланың барлық жеке секторларында кезең-кезеңімен қарды шығару жұмыстарына кіріседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)