Павлодарлық блогерлер мен полицейлер бірлесіп жұмыс істеуде (ВИДЕО)
Бұл - "Полицияның қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы негізінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, блогерлер, қоғам қайраткерлері мен полиция қызметкерлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу мемлекеттік емес ұйымдармен әріптестік мақсатында "Полицияның қазақстандық сервистік моделі" пилоттық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу полицияның сервистік учаскелік пунктінде өтті. Онда құқық қорғау органдары полиция жұмысына қандай өзгерістер енгізілгенін нақты көрсетіп, пилоттық жобаның ерекшеліктерін, негізгі элементтерін айтып берді.
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердегі ақпараттық өріске маңызды рөл беріледі. Блогерлер, қоғам белсенділері-әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары, қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлкен әсер етеді.
- Кездесуге қатысушылар, олардың арасында спортшылар, мәдениет өкілдері, блогерлер өз кезегінде ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді айтып, өз ұсыныстарын енгізді.
Кездесу барысында тараптар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңнамадағы өзгерістер туралы халықты хабардар етуге бағытталған түрлі іс - шаралар, акциялар өткізуді жоспарлады, - делінген хабарламада.
Бірлескен жұмыс қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам қайраткерлері мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бірлескен жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыруда нақты қадамдар бар. Мысалы, полиция қызметкерлерімен бірге профилактикалық рейдтерге қатысатын, қаланың аулалары мен көшелерін патрульдейтін, бұзушылықтар туралы хабарлайтын қоғам қайраткерлері, блогерлер қатарынан сервистік қоғамдық патруль құру көзделуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram