Павлодарлық зейнеткер депозитінде жиналған қомақты соманы алаяқтарға бере жаздады
Киберполиция, учаскелік инспектор және құрбысы әйелдің қателік жіберуден сақтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Зейнеткерге алаяқтар «энергетикалық орталықтан» қоңырау шалып, есептегіштердің тексерілуі туралы айтқан. Ол әңгімеге сеніп, «1414» сервисінен келген кодты айтқан және өзінде бір банкте үлкен депозит бар екенін хабарлаған. Кейіннен, зейнеткерге банк атынан қоңырау шалып, алаяқтардың оның ақшасын иемденгісі келетінін және ақшаны «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін жеткізді. Курьер келіп, оған ақшаны беру керектігін түсіндірді. Зейнеткер еш ойланбастан депозитінен 24 миллион теңге шешіп, 800 мың теңге комиссияны төлеп, үйіне оралған бетте келесі нұсқауларды күтті.
Кейін әйел құрбысына қонаққа барып, мән-жайды айтқанда, досы күдіктеніп, учаскелік инспекторға хабарласқан.
– Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тергеу басталды. Қоңырау шалған алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілер іздестірілуде, – деді облыстық полиция департаментінің киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.
Бұл оқиғадан соң алданып қала жаздаған әйел есеңгіреп қалды.
– Барлығы телефон қоңырауынан басталды, әрі қарай «түс секілді» болды. Тек полицияның жедел әрекеттері мен құрбымның сақтық көрсеткенінің арқасында үлкен сома ұрланбай, ақшамды қайтаруға мүмкіндік туды, – дейді Лидия Федоровна.
Полиция тұрғындарға тағы да ескертеді: ешбір мемлекеттік орган ақшаны «сақтау үшін» алмайды және курьер жібермейді. Мұндай қоңыраулардың бәрі – алаяқтық.