Павлодарлық дәрігерлер баланың езілген бүйрегін жинап алды

Павлодарлық дәрігерлер баланың езілген бүйрегін жинап алды
Фото: автор

Қазірде бала дін-аман үйіне жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

13 жастағы Дінмұхамед Әлімов бордюрге құлап, іш қуысының жарақатын алған. Жедел жәрдем мектеп оқушысын шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізіп, УДЗ және КТ-да көкбауыр мен сол жақ бүйректің тұтастығы бұзылған зақымдануы анықталды.

- Балаға шұғыл түрде операция жасалды, оның барысында көкбауыр мен сол жақ бүйректің субкапсулалық жыртылуы анықталды. Операция кезінде қан кетуді тоқтатуға, зақымданған мүшелердің тұтастығын қалпына келтіруге, оларды сақтап қала алдық. Операциядан кейін бала екі күн жансақтау бөлімінде бақылауда болды, содан кейін ол хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Операциядан кейінгі кезең ойдағыдай өтіп, бала 13-ші күні амбулаторлық бақылауға ауыстырылды, – дейді облыстық аурухананың балалар хирургі Едіге Қабиденов.

Дәрігердің айтуынша, ота екі сағаттан астам уақытқа созылды. Құлау кезінде бірден бірнеше ішкі ағзалардың бір мезгілде зақымдану жағдайлары өте сирек кездеседі. Сондықтан Димаштың физикалық белсенділігіне үш айға шектеу қойылды.

- Бала қазірдің өзінде толыққанды өмір сүріп жатыр, әзірге тек жүгіру мен секіруге болмайды, - дейді Едіге Қабиденов. – Біз барлық бақылау сынақтарын жасадық, УДЗ жүргіздік – бүйрек қызметінің бұзылуы анықталған жоқ. Үш айдан кейін ультрадыбыстық және қан анализін қайталау қажет болады. Ең бастысы, баланың мүгедек болып қалуына жол бермеген көкбауыр мен бүйрек сақталған.

Димаштың анасы Ботагөз Әлімова жедел және жоғары кәсібилік танытып, баласын аман алып қалған облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне алғысын білдірді. Ол аурухананың хирургтары мен барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, жұмыстарына табыс тіледі.

13 жастағы Дінмұхамед Әлімовке барлық медициналық көмек міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін көрсетілді.