Павлодарлық дәрігер баланы аман-есен туу үшін не істеу керектігін айтты

Павлодарлық дәрігер баланы аман-есен туу үшін не істеу керектігін айтты
Фото: Константин Шелков

Оған ата-ананың денсаулығы тікелей себепші, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында неонатолог-дәрігер, облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелердің  реанимациясы бөлімінің реаниматологі Қарлығаш Райысова мәлім етті. 

– Егер ана жүктілік уақытында бала тууға дайындалып, созылмалы аурулардан емделіп, денсаулығына көңіл бөліп, тұрақты ауруханаға тексеріліп отырса шала туылып, ауруға шалдығуының алдын алуға болады. Баланың қандай-да бір ауытқулармен дүниеге келуі әйел мен ер адамның денсаулығы тікелей себепші ,– дейді Қарлығаш Райысова. 

Спикердің айтуынша, бүгінгі таңда аналардың көбі қант диабетімен ауырғандықтан нәрестенің денсаулығына нұқсан келеді. Бұл ауру соңғы жылдары басымдылық танытуда. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың он айында шала туылған 544 баланың 26-сын жергілікті ақ халаттылар құтқара алмады. Олар түрлі аурулармен дүниеге келген. Биыл тіпті бас миынсыз дүниеге келген сәби бар.