Павлодарлық футболшы өз командасының Қазақстан чемпионы атануына үлес қосты

Павлодарлық футболшы өз командасының Қазақстан чемпионы атануына үлес қосты
Фото: Instagram @vpnastana

Павлодар футболының түлегі Жаслан Қайыркенов елордалық VPR Astana клубының құрамында Қазақстан Екінші лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алматы қаласында өткен Екінші лиганың финалында Оңтүстік-батыс және Солтүстік-шығыс конференцияларының жеңімпаздары кездесті. Шешуші матчта VPR Astana «Хромтау» командасын 2:1 есебімен жеңді. Жаслан Қайыркенов 45-минутта Махмуд Дунзуровтың пасынан кейін есеп ашты. Үзілістен соң қарсыластар тағы екі гол соқты. Алайда елордалық команда жеңісті есепті сақтап, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

26 жастағы Жаслан Қайыркенов — Павлодар футболының түлегі. Ол «Астана» академиясында тәрбиеленіп, Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті. Клубтық деңгейде «Астана», «Атырау», «Ақсу», Қарағандының «Шахтері», «Жеңіс» және павлодарлық «Ертіс» командаларының намысын қорғады.

«Астана» құрамында футболшы 2018 жылы Қазақстан чемпионы атанса, «Атырау» сапында Бірінші лигада жеңіске жетті.

Павлодарлық футболшы VPR Astana клубына 2026 жылдың жазында ауысты. Елордалық команда сапында Қазақстан Премьер-лигасындағы ойындарымен жанкүйерлерге жақсы таныс Есен Жасанов, Әлібек Жәрдемов және Бауыржан Тұрысбек те өнер көрсетеді.

VPR Astana әу баста «ВПОРЯДКЕ» атауымен танымал медиафутбол командасы ретінде құрылған. Ал 2026 жылы кәсіби клуб мәртебесіне ие болып, Қазақстан Екінші лигасына қатысуға өтінім берді.

2027 жылы финалға шыққан екі команда да Бірінші лигада өнер көрсетеді.