Павлодарлық маман қазақстандықтарды Еуро іріктеуінің финалдық кезеңіне шығарды

Павлодарлық маман қазақстандықтарды Еуро іріктеуінің финалдық кезеңіне шығарды
Фото: kff.kz

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы өз іріктеу тобында бірінші орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бауыржан Сағындық жаттықтыратын U-17 құрамасы кеше Албанияға қарсы соңғы ойынын өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Оған дейін біздің команда Нидерландыдан жеңілген болатын, бірақ «Оранье» өз кезегінде соңғы ойында Хорватиядан жеңілді. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар алғашқы матчында Хорватияны дәл осындай есеппен жеңген еді.

Бұл матчтардың нәтижесі Қазақстанға сегізінші топта бірінші орынды және 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне жолдама берді. Екінші кезеңде Қазақстан құрамасы басқа 28 үздік еуропалық командамен бірге төрт командадан тұратын жеті топқа бөлінеді. Топ жеңімпаздары 2026 жылдың жазында Эстонияда өтетін Еуро-2026 финалдық турниріне жолдама алады.

Бауыржан Сағындық – Павлодардың футбол мектебінің түлегі. Ол бапкерлік мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастады. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көмекші бапкері қызметін атқарды.