Павлодарлық палуандар Қазақстан чемпионатында үздік атанды
Жеңімпаздар енді әлем біріншілігіне дайындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Алик Домнич - нағыз жауынгер. Ол ММА, панкратион бойынша қатысатын барлық турнирлерде жеңіске жетеді, ендігі кезекте грэпплингтен бақ сынамақ. Оның айтуынша, осы жеңісі арқылы жаттықтыратын оқушыларына берген уәдесінде тұрды. Өйткені, олар үшін жаттықтырушысы – нағыз үлгі. 100 килограмм салмақ траекториясында үш жеңісте де алтынға қол жеткізді.
– Қарсыласым төрт жыл қатарынан көш бастауда. Ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Әлем чемпионатына үнемі қатысады. Сонымен тактикалық жұмыс істедім, аудардым және үстемдік еттім, – дейді Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Алик Домнич.
Оның айтуынша, жарыста оқушылары, ардагерлері мен жастары өнер көрсеткен. Сол себепті, ұтылу мүмкіндігі де болмаған.
– Мен оларға үйрететін стилім мен күресімді көрсетуім керек еді, – дейді ол.
Сондай-ақ, грепплинг бойынша Қазақстан чемпионы Аида Жетпісова атанды. Ардагерлер арасында күресте Құдайберген Игіліков, Дәрмен Төлебаев және Асылбек Ровшановқа тең қарсыластар болған жоқ.
Ал қатысушылардың бірі үшін турнир жекпе-жектің кәсіби мансабына тамаша шолу болды.