Успен ауылында келесі оқу жылында жаңа спорттық кешен пайда болады

Успен ауылында келесі оқу жылында жаңа спорттық кешен пайда болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Асайын Байханов нысанды бірінші тоқсаннан кейін қолданысқа беруді тапсырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Успен ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асайын Байханов ауылдардағы бірнеше нысандардың құрылысын аралап, тексерді. 2023 жылдың қазан айының басында Успен ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салына басталды. Мердігерлік ұйым «Промжилстройкомплект» ЖШС-ның бас инженері Геннадий Тихоновтың сөзінше, қазіргі таңда 105 миллион теңгеге жұмыстар орындалды. 

– Құрылыс еш қиындықсыз өтуде. Нысанда 23 жұмыскер еңбек етіп жатыр. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ангар типінде салынуда. Қарашаның соңында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз,– деді Геннадий Тихонов.

Ғимараттың жартысы кірпішпен қапталған. Жылыту жүйесі бар, ішінде қазандық орнатылған. Болашақ дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде алты спорт түрінің үйірмесі ашылады: баскетбол, волейбол, футбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы.

Облыс әкімі құрылыстың мерзімі ұзаққа созылып кеткенін атап өтіп, жұмысты тездетуді тапсырды. 

– Күзге дейін қалдыруға болмайды. Суықта қалай істейсіздер? Жылы уақытта бітіру керек. Құрылыс неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым ол сізге қымбатқа түседі. 

Асайын Байханов мердігерлреге күзгі демалыстан кейін, балалар тезірек жаттығуы үшін мекемені ашуды тапсырды. 


Бұдан бөлек, аймақ басшысы Қоңырөзек ауылындағы Павловская жалпы орта білім беру мектебіндегі күрделі жөндеудің барысымен танысты. Мектептегі терезелердің алды, едендер, есіктер мен төбесі ауыстырылады. Барлық жұмыстар шілденің аяғында аяқаталады. Сондай-ақ, мектеп ауласында ойын алаңы орнатылады.

Фото: София Котельникова