Павлодарлық полицейлер тыныштықты бұзушыларды жазалады

Павлодарлық полицейлер тыныштықты бұзушыларды жазалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтар туралы тұрғындармен ортақ чаттардан алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторларының басты міндеттері – азаматтардың өтініштеріне ашықтық пен жедел ден қою, халықпен кері байланыс орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Жақын және сенімді қарым-қатынастарды орнатуға учаскелік, пәтер иелерінің кооперативі, меншік иелерінің бірлестігі және тұрғындардың бірлескен чаттары көп жағдайда ықпал етеді. 

Осылайша, жалпы үй чатының тұрғындары сағат 23:30-да өздерінің учаскелік инспекторына хабарласып, Лермонтов көшесіндегі 85-үйдің кіреберісінде шу шығарып, азаматтардың тыныштығын бұзған жастардың компаниясын «тыныштандыруды» сұрады.

Құқық бұзушыларға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушыларға әрқайсысына 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салынды, – деді жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин. 

Сол күні Иса Байзақов көшесі, 186-үйінің тұрғындары мекемелердің бірінде музыка қатты ойнап жатыр деп шағымданды. Ал Бұқар Жырау көшесіндегі 1-үйдің ауласында балалар ойын алаңында шу шығарды. 

Қала тұрғындары құқық бұзушылықтар туралы «102» телефоны арқылы, «Рolise 102» мобильді қосымшасымен немесе «Instagram» арқылы департаменттің @dp_pavlodar директіне хабарлама жіберу арқылы хабарлай алады.