Павлодарлық полицейлер жағалауда азаматтарды қабылдады

Павлодарлық полицейлер жағалауда азаматтарды қабылдады
Фото: Павлодар облыстық ПД

Полиция қызметкерлері  Орталық жағалауда «Әділетті Қазақстан. Сервистік полиция» акциясын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасының іске асырылу барысымен және жұмыстағы өзгерістермен танысты. 

Тұрғындар азаматтарды қабылдау кезінде полицейлерге өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен шарттары туралы толық ақпарат алды. 

– Бүгінгі күні полиция қызметкері үшін толық әлеуметтік пакет, тұрақты жалақы, одан әрі тегін оқу мүмкіндігі, мансаптық өсу және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетке шығу құқығы қарастырылған, – дейді департаментте. 

Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операцияларға қатысатын ЖҚАЖ арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің демонстрациялық көрсетілімдері ешкімді бей-жай қалдырмады. Жауынгерлер көрермендерге арнайы құралдарды, сондай-ақ жауынгерлік қаруды қолдана отырып, қоян-қолтық күрестің дағдылары мен әдістерін көрсетті. 

Іс-шара қонақтары полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелері – тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер, учаскелік полиция инспекторлары қызметінің ерекшеліктері туралы туралы білді. Құқық қорғау органдары жұмыста қолданылатын киім-кешектерді, арнайы жабдықтарды, арнайы құралдарды, заманауи техникалық жабдықтарды көрнекі түрде көрсетті.