Павлодар облысында аптаның аяғына дейін жаңбырлы болады
Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытта секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 28 тамызда ауа температурасы +23...+28°С-ты көрсетеді.
29 тамызда түнде шығыста, күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, ал күндіз бұршақ жауады. Түнде +7...+12°С-ты көрсетсе, күндіз +20...+25°С болады деп күтілуде.
30 тамыз күні облыстың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде +11...+16°С, ал күндіз +23...+28°С ыстық болады. Жел оңтүстік-батыста секундына 15-20 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
31 тамызда түнде жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Ауа температурасы түнде +12...+17°С болса, күндіз +20...+25°С-қа дейін көтеріледі.
Бірінші қыркүйекте күндіз облыстың солтүстік бөлігінде аздап жаңбыр жауады. Түнде +10...+15°С, ал күндіз +17...+22°С болады деп болжануда.
Сенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел оңтүстік-батыс бағытта секундына 9-14 метрге дейін соғатын болады.
Жексенбі күні облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Түнде +9...+14°С, ал күндіз сынап бағанасы +17...+22°С көрсетеді.