Павлодарлық саябақта тегін жаттығулар басталды

Павлодарлық саябақта тегін жаттығулар басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық қатысушыларға сыйлықтар қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық саябақтың жастармен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің мәліметінше, FITROOM және AVNI командалары бірігіп, әр сенбі күні қалалық саябақтың бас сахнасында сағат 10:00-де тегін топтық жаттығулар өткізуді бастады.

Жаттығулар барлық деңгейдегі қатысушыларға арналған. 

Жаттығудан кейін барлығын кішкентай сыйлықтар күтеді. Өздеріңіз келіңіздер, достарыңызды шақырыңыздар, отбасыларыңызбен келіңіздер! Біз бірге спортты әркімнің өмірінің бір бөлігіне айналдырамыз! – дейді ұйымдастырушылар.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 707 543 2722 нөміріне хабарласуға болады.