Екібастұзда жылыту маусымы басталды
16-23 қыркүйек аралығында жеке сектордағы үйлер кезең-кезеңімен жылумен жабдықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Кеншілер қаласының әкімі Аян Бейсекин тиісті қаулыға қол қойды.
– Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, 16 қыркүйектен бастап жылыту маусымын бастадық. 16-21 қыркүйек аралығында қаламыздың барлық әлеуметтік нысандарын жылумен қамтамасыз ететін боламыз, – деді Аян Бейсекин.
21-29 қыркүйек аралығында барлық көпқабатты тұрғын үйлер кезең-кезеңімен жылумен қамтамасыз етілетін болады.
Еске сала кетейік, облыс әкімі Асайын Байханов биыл жылу беру маусымын ерте бастауды тапсырған болатын.