Павлодарлық студенттерге Чехиядан келген профессор дәріс оқыды
Прагадан келген шетелдік ғалым Торайғыров университетінде шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шетелдік ғалым Татьяна Алексиу Торайғыров университетінің энергетика факультеті үшін шеберлік сабағын өткізді. Ол Чехиядағы білім туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар студенттерге дәстүрлі емес және жаңартылатын энергия көздері туралы дәрістер оқыды.
- Елдердегі табиғи ресурстар саны бойынша жағдай әртүрлі, бірақ, өкінішке қарай, Еуропада жаңартылатын ресурстармен жұмыс істеуі қажет. Бүгін біз индустриялық өсуде өмір сүріп жатырмыз, бұл экологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Қазір ғылымда жаңартылатын ресурстардың әлеуеті туралы айтылады және шамамен 18%–ы жаңартылатын көздер болып табылады, - деді Татьяна Алексиу.
Айта кетелік, ToU-да шетелдік ғалымдардың дәріс оқуы дәстүрлі тәжірибе. Бүгінгі күні университетке Түркия, Чехия, Германия, Черногория, Хорватия, Пәкістан, Эстония, Испания, Польша және Үндістаннан келген профессорлар студенттерге дәріс оқыған болатын.