Павлодарлық термеші үздік атанды

Павлодарлық термеші  үздік атанды

Байқау Түркістан қаласында  өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Түркістан қаласында өткен «Түркістан мақамдары» атты республикалық термешілер байқауы ұйымдастырылды. Екі кезеңнен тұратын байқауда 16 жыршы-термеші бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушы оңтүстік өңірінің термелерінен ұйымдастырушылар ұсынған екі шығарманы орындады. Ал екінші кезеңде оңтүстік термелерінен кеңінен таралып, ел ішінде көптеп орындалып жүрген, терме толғаулардан жеребе бойынша бір терме орындауы тиіс болды.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысының  намысын  қорғаған Тілеужан Баянбек жүлделі екінші орынға ие болды. Ал Алматы облысынан келген Құрметжан Ербах бас жүлде иегері атанды. 

Айта кету керек, Тілеужан Баянбекті өнер додасына дайындаған — «Шаңырақ» халық шығармашылық орталығының «Майра» мектебінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, термеші Салтанат Қисатова.