Павлодарлық жастар шығармашылық есеп тапсырды
«Достық үйінде» «Ассамблея жастарының үздік шығармашылық тәжірибелері» облыстық конкурсы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық деңгейде өткен конкурс жастардың табысты жобаларын көрсету және қолдау, түрлі этностар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға этномәдени бірлестіктердің көшбасшылары мен белсенділері қатысты.
Облыстық «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасы Рамиль Смаиловтың айтуынша, шара жастардың шығармашылық саладағы жұмысын қорытындылап, олардың болашақта көшбасшы болып өсуіне мүмкіндік береді.
– Біздің қанаты міздің астында 300-ден астам белсенді бар, үш студенттік ассамблея, бес тақырыптық бағыт жұмыс істейді. Биыл біз 50-ден астам іс-шара өткіздік, – деді Рамиль Смаилов.

Байқау қатысушылары арасында «Наири» жастар бірлестігінің жетекшісі, «Айреник» облыстық армян қоғамы өкілі Тигран Паноян өздерінің қайырымдылық жұмыстары туралы айтып берді. Олар коммуналдық қызметкерлерді қолдаумен айналысады, қарттарға көмек көрсетеді және еріктілермен бірігіп жұмыс істейді.
– Мен үшін қайырымдылық – бұл бір реттік көмек емес, ол тұрақты қолдау. Біз гуманитарлық көмектер жинаймыз, апат болған жағдайларда көмектесеміз, азық-түлік жинаймыз және қарттарға қол үшін тигіземіз, – деді ол.
«Эльпида» грек этномәдени бірлестігі жастар басшысы Дмитрий Бабулиди белсенді жылды қорытындылады. «Спарта» жастар қанаты концерттік бағдарламаларға, әлеуметтік жобаларға және патриоттық акцияларға қатысып, этностар арасындағы келісімді нығайтуға үлес қосты.
– Біздің балалар концерттерді, флешмобтарды және патриоттық шараларға қатысты. Үш тілде – қазақ, орыс және грек тілдерінде ән айтты. Қарт ұрпақты қолдаймыз, ақсақалдарды аралап, мерекелерде құттықтаймыз. Бұл мәдени дәстүрлерді сақтау мен ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі, – деді Дмитрий Бабулиди.
Сонымен қатар, «Эльпидада» қазақ тілін насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Жастар бейнероликтерге, сұхбаттарға және мемлекеттік тіл білімін дамытуға арналған сабақтарға қатысады. Дмитрий өз бетінше қазақ тілін оқып алды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік көсбасшы анықталып, жеңімпаздар 19 желтоқанда өтетін «БІРЛІК – ЕДИНСТВО.KZ» облыстық жастар форумы кезінде марапатталады.