Павлодарда қаңғыбас иттер мектептің бес оқушысын қауып алған
Аталған фактілер соңғы бір жарым жылда тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин әлеуметтік желіде № 41 мектепке қатысты тараған шағымға байланысты берген жауабында жазды.
– Соңғы бір жарым жыл ішінде осы мектептің бес оқушысын қаңғыбас иттердің қауып алу фактілері болды. Оның ішінде екі бала мектеп стадионында, үш бала шағын ауданда зардап шеккен, – деді Қуаныш Қыдыралин.
Бөлім басшысының айутынша, ата-аналардан шағын ауданда және мектепке барар жолда иттердің қаптап кетуіне байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдау жөнінде жүйелі түрде өтініштер түседі.
– Бейне материалдар мен фотосуреттер ұсынылады. Осы жағдай бойынша қаланың ветеринарлық қызметтері шағын ауданда және мектеп аумағында иттерді аулаумен айналысты. Аталған фактілер бойынша мектеп «102» пультіне хабарлайды, – дейді Қуаныш Қыдыралин.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде № 41 мектепте басшылық тарапынан жануарларға қатыгездік таныту фактілері қайталанып отырғанын жазған. Өткен жылы директордың бұйрығымен мектептің аумағынан үш мысықты қапқа салып, белгісіз жерге апарған.
– Биыл № 41 мектептің директоры мектеп алаңына кіреберістің алдына тор қоюды бұйырды. Сол мектептің қызметкерлері жемге арналған ет салып, итті сол жерге қамап қойған. Ит балалардың көз алдында тұрған. Барлығы күндіз оқу процесінде болған. Балалар ата-аналарына қоңырау шалды. Жануарды суретке түсірген және мұндай қарым-қатынасқа қатысты шағымдана бастады, – деп жазады хаттың авторы.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы бұл жағдайға қатысты жануарларға қатыгедік таныту көзделмегенін атап өткен.