Павлодарлық журналист жасыл алаңда әріптестерінің басын қосты

Павлодарлық журналист жасыл алаңда әріптестерінің басын қосты

Ұлының тұңғыш туған күні футбол ойнауға себепкер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Найзатас» журналы мен Aiqara.kz ақпараттық порталының шеф-редакторы Еламан Қабдыләшімнің ұйымдастыруымен Павлодардағы «Ertis Arena»-да төрт команда жиналды: «Ertis Media», «Баянауыл», «Лекер қажы» және жас әдебиетшілердің «Ақындар» командасы.

Ақсұңқар Қасеннің бір жасқа толуына арналған «Достық» турнирін «Ertis Media» мен «Ақындар» ашты. Ақындар журналистерді 4:1 есебімен ұтса, айтыскер Оңғар Қабден покер авторы атанды. Әрі қарай турнирдегі шытырман қыза түсті. Үш команда алты-алты ұпайдан жинады. Турнир жеңімпазы тек доп айырмасы арқылы ғана шешілді. Ол «Ақындар» болды.

Екінші орын тағдыры голды көбірек соққан команда «Лекер қажыға» бұйырса, үшінші орынды «Баянауыл» қанағат тұтты.