Павлодарлықтарға кешке жағалауға бармауға кеңес беріледі

Павлодарлықтарға кешке жағалауға бармауға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Серуендеуді екі сағатқа кейінге шегерген дұрыс, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар әкімдігі хабарлады.

Бригадалар 4 маусымда сағат 21:00-де қаланың сегіз аумағында шіркейлер мен масаларға қарсы өңдеуді бастайды. Егер ауа райы нашарласа, жоспарда өзгерістер болуы мүмкін. 

Препарат Химқалашығы, жағалау, шаңғы базасы, Усолка көпірі мен бөгет аймағында шашыратылады. Қала тұрғындарынан өңдеу кезінде және одан кейін бір сағат ішінде аталған жерлерде серуендеуден бас тартуды сұрады.