Павлодарлықтар оқушылардың мектепке баруына көмектесе алады

Павлодарлықтар оқушылардың мектепке баруына көмектесе алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жергілікті билік демеушілер мен әлеуметтік серіктестерді іздестіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында қайырымдылық жасаушылар «Мектепке жол» акциясына қосыла алады. Бұл акция аясында көпбалалы отбасылардан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған немесе өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесуге мүмкіндік бар.

Әлеуметтік серіктестер жаңа оқу жылына арналған киім-кешек, кеңсе тауарлары мен сөмкелерді сатып алып, көмек көрсете алады. Қайырымдылық көмегін қабылдау пункттері мектептерде, сауда орталықтарында және әлеуметтік мекемелерде ашылады. Сондай-ақ, білім бөлімдеріне жүгінуге болады. Павлодар қаласында ақпаратты 8 (7182) 30-14-97 нөмірі арқылы алуға болады. Бұдан бөлек, оқу орындарында акцияға қатысты сұрақтарға жауап беретін жедел желілер жұмыс істейді.