Павлодарда үш мың тоннадан астам қар шығарылды

Павлодарда үш мың тоннадан астам қар шығарылды

Қазір қарды қаланың сыртына шығару жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық әкімдігінің мәліметінше, қар тазалау жұмыстары жалғасуда.

Өткен күндері қала көшелерінде 150-ден астам арнайы техника жұмыс істеді. Бұл 25 тиегіш, 10 трактор, 12 құм шашқыш, 49 сыпыру-жинау көліктері, 49 жүк көлігі және 8 ЗИЛ автокөліктері. 

- Қар тазалау, жинастыру жұмыстары таңғы сағат 6.00-ге дейін жүргізілді. Таңғы сағат 6:00-ден бастап қала көшелерінде қар массасын жинау және шығару бойынша арнайы мамандандырылған техника жұмысын жалғастыруда, - деді әкімдікте. 

200-ден астам адам жолдардың, аялдама павильондарының және жаяу жүргіншілер өткелдерінің жиек бөліктерін тазалауға жұмылдырылған.

Облыс орталығынан 3 мың тоннадан астам қар шығарылды.

Фото: қалалық әкімдік