Павлодарлықтар суретші Евгений Шалагиннің ерекше туындыларымен таныса алады

Павлодарлықтар суретші Евгений Шалагиннің ерекше туындыларымен таныса алады
pexels.com

Дебюттік көрме экспозициясында ақ-қара түсте жасалған автордың көптеген жұмыстары ұсынылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Көрме С.Торайғыров атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының «Айна» галереясында көрермен назарына ұсынылады.

- Суретшінің «Қара-Ақ» деп аталатын көрме дебюттік шара. Евгений Шалагиннің туындылары суретшінің үйлесімді келтірген қара-ақ сызықтар, штрихтар мен дақтар тоғысуы ғана емес, бұл әлемге деген ерекше көзқарас. Оның тыныш тақырыптары қала мен табиғатқа бағытталған. Жұмыста ол тек қарапайым графитті, яғни қарындашты пайдаланады. Ал сиямен жұмыс істегенде қарапайым болат қауырсындарды қолданады, - делінген хабарламада.

«Қара-Ақ» көрмесінде көрермендердің назарына суретшінің ерекше орындауындағы әдемі қалаларды, оның ішінде біздің туған Павлодар мен Ресейдің кейбір қалаларын көруге болады. Жалпы шара аясында автордың 30-дан астам бірегей туындыларын тамашалауға болады.

Көрменің ашылуы 9 қыркүйек күні сағат 15:00-де болады. Кіру тегін!